«Индер ауданында дала өрті 21 шілдеде күндіз аудан орталығынан 10 шақырым жерде басталды. 19.34-те ауыздықталды. Осы уақыт ішінде 5 гектар жарамды жер жанып кетті», - деп хабарлады ТЖД.
Еске салсақ, кей жерлерде 40 градусты көрсетіп тұрған Атырау облысында дала өрттері маусым айында басталған. Индер және Қызылқоға аудандарында 60 гектардан астам жайылым, пішен өртеніп кетті.