Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына қарағанда, Атырау қаласынан 35 науқас қауіпті індетке шалдыққан.
Теңіз кенішінде 31 жұмысшыдан, сондай-ақ Жылыой ауданында - 6, Қызылқоға ауданында - 4, Махамбет ауданында 1 адамнан Сovid-19 инфекциясы анықталған.
«Науқастардың 18-інде инфекция симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 34 адам емделіп шықты. Ал, 277 адам үй жағдайында ем алып жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда - 63, аудандардағы стационарда - 14, Теңіз кенішіндегі стационарда 255 адам ем қабылдауда» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Теңіз кенішінще 30 жұмысшы коронавирус жұқтырған болатын.