«9 қазан күні сағат 02:40 шамасында Chevrolet Niva көлігі «Құлсары – Ақкиізтоғай» тасжолының 17-ші шақырымында аударылып, салдарынан 44 жастағы жүргізушісі мерт болды.
Сағат 06:30 шамасында «Доссор – Бейнеу» тасжолының 104-ші шақырымында Lada Largus автокөлігі аударылып, бір жолаушы қаза тапты. Көлікте жеті адам болған. Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді», - деді Жылыой аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Мұрат Демегенов.