Атырау облысында биыл 232 тегін грант бөлінді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жоғарғы білім алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен биылғы жылы 232 грант бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім басқармасының мәліметінше, гранттар жергілікті бюджет қаражаты есебінен кадрлардыңқажеттіліктерін ескере отырып, нақты мамандықтар бойынша облыстың жоғары оқуорындарында конкурстық негізде тағайындалады. Биыл гранттар білім беру,денсаулық сақтау, ветеринария, балық шаруашылығы, дінтану, мемлекеттік аудит,ақпараттық технологиялар және т.б. салаларға бөлінуде.
Айта кетейік, 2017 жылы Атырау облысында студенттер алғаш рет жоғары оқуорындарында жергілікті бюджет есебінен білім алуға мүмкіндік алды. Барлығы 222білім гранты бөлінді. Олардың ішінде 178 оқытушы, 35 дәрігер және 9ветеринарлық мамандық бойынша студенттер. Білім гранттарының иегерлері Атырау,Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жоғары оқу орындарында тағылымдамаданөтті.

2018 жылы 230болашақ жас маман жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орындарында оқуғамүмкіндік алды. Олардың ішінде 149 - педагогикалық мамандық бойынша, 56 -медициналық, 9 - ауылшаруашылық саласында, 2 - жеңіл өнеркәсіп өнімдері ментехнологиялары, 14 - автоматика және басқару мамандығын оқыды.

Сонымен қатар, 16студент «Аймақтық экономиканы дамыту бағдарламасы» және «Жер пайдаланудыбасқару» бағдарламалары бойынша магистрлерді даярлау үшін білім грантыныңиегері атанды.
Сондай-ақ, биыл ҚР Үкіметі 2019-2020 оқу жылына көпбалалы отбасылардың балаларымен атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 220 қосымша білім беру грантын бөлді.
Білім беру грантын беруді жергілікті атқарушы органдар «бакалавр» немесе«магистр» ғылыми дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынанкейінгі білім үшін ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне сәйкесжүзеге асырады.
Конкурсқа өтінішті 5 және 10 тамызаралығында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде қабылдайды.