Атырау облысында депутаттар ревизиялық комиссияның төрағасын қайта сайлады

None
АТЫРАУ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Атырау облысында аймақтық мәслихаттың ХI сессияда депутаттар ревизиялық комиссияның төрағасын қайта сайлады.

Жаңа төраға Нұржан Мұхамбетқалиев болды.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Сағын Лұқпановтың хабарлауынша, ревизиялық комиссияның бұрынғы төрағасы Болат Қонарбаев жұмыстан өз еркімен кету туралы өтініш жазды.

Одан кейін аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім еткендей, «Жергілікті бюджеттен түрлі жобаларға бөлінетін қаражаттарды қадағаламаған облыстық мәслихаттың көптеген депутаттары сияқты Б.Қонарбаев та жұмыс істемеді».

Нұржан Мұхамбетқалиев 59 жаста. Ол қаржылық бақылау басқармасының бастығы, облыс әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» облыстық филиалы төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеттің департамент директоры болып жұмыс істеді.