«Қазіргі уақытта осы тәсілмен мамандарды даярлау әдісі аймақтағы 20 оқу орнына енгізілді. Отандық және шетелдік 15 мекемемен серіктестік орнаттық. Оқу барысында жас азаматтар іс-тәжірибеден өтіп, сол үшін ақша алады. Егер жұмыс берушіге тәжірибе жинақтаушының бірі ұнап қалса, жұмысқа шақырады.
Қазір қос тарапты оқытуға «Электрмен жабдықтау, бақылау-өлшеу құралдары, мұнай және газ кен орындарымен» айналысатын компаниядан сұраныс бар»,- деп хабарлады облыстық білім беру басқармасындағылар.
Мекемедегілер Атырау облысында дуальды оқыту бойынша өндірістік тәжірибеден 200-ден аса колледж оқушылары мен студенттер өткенін атап өтті. Келесі жылы олардың саны 300-ге дейін көбейеді.