«6 шілдеде Атырау облысында Көктоғай елді мекенінің маңында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Атырау облысының табиғатты қорғау прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп «Газель» маркалы көлігінде БҚО-ның екі тұрғынын ұстады. Көлікті тінту кезінде жалпы салмағы 842 келі құрайтын құжаты жоқ балық тәркіленді», - делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша материалдар Атырау облысының табиғатты қорғау прокуратурасына жолданды.