Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 7 адам ауруханаға түсті

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 7 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік апаты 16 наурызда сағат 08:30 шамасында «Атырау-Индер» бағытындағы тас жолдың бойында болған.

«Жолдың қарсы бағытына шыққан «Toyota Camry» автокөлігі «Skoda» қызметтік көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 7 адам әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. «Тoyota Camry» көлігіндегі жолаушыларды шығару үшін облыстық төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінің қызметкерлері жұмылдырылды», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу басталды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында мереке күндері 64 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5 адам жарақат алғанын жазған едік.