Мақат ауданында екі көлік соқтығысып, оның біреуі аударылып қалды. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Жол-көлік оқиғасы бүгін 5 ақпан күні сағат 12:00 шамасында «Астрахань-Атырау-Ақтөбе» халықаралық тас жолының бойында болған. Аталған жолдың Мақат кентіне бұрылар тұсында «Toyota Camry» мен «ГАЗель» автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ГАЗель» көлігі аударылып қалды. Бес жолаушы әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлері көлік апатына байланысты тергеу жүргізуді бастады.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 14 жастағы жасөспірім қызды көлік қағып кеткенін жазған едік.