Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ЭКО тәсілімен ұрықтандыратын мекеменің бірі Атырау қаласында да бар. Ал осындай жолмен сәбилі болудан үміттенген атыраулық әйелдердің жасы 24-42-ні құрайды.
«Биыл облыста 37 жұпқа экстракорпоральды ұрықтандыруға квота берілді. Былтыр осындай квота 30 жұпқа алған еді» - деп хабарлады басқармаың баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Президент биылғы Жолдауында ЭКО бағдарламалары аясында квота саны көбейетілетіні туралы айтты.