Атырау облысында «Елімнің тағдыры - менің тағдырым!» форумы өтті

None
АТЫРАУ. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Атырау облысы Жылыой аудандық мәдениет үйінде «Елімнің тағдыры - менің тағдырым!» форумы өткізілді.

Еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан-ақ дамудың өзіндік сара жолына түсіп, Елбасының кемел ойы мен көреген саясатын қолдаған ел азаматтарының еселі еңбегі арқасында мемлекетіміз қуатты экономикасымен, демократиялық құндылықтарымен ерекшеленіп, әлемдегі беделді елге айналып келеді. Әлем халқы көз тігіп отырған еліміздің басты құндылығы татулық пен ынтымақтастықты ту еткен және елімізде айрықша табыска жеткен жандардың өмірі мен еңбек жолын көпке үлгі етуді, сондай-ақ отандастарымыздың өмірі арқылы кең байтақ еліміздің табысын көрсетуді мақсат ететін «Елімнің тағдыры - менің тағдырым!» республикалық форумын өткізу идеясы дүниеге келген болатын. Алғашқы форум 2012 жылдың шілдесінде Астанада өткен еді. Қоғамда кеңінен қолдау тапқан бұл форумды жыл сайын елдің барлық аймақтарында өткізу туралы шешім қабылданған еді.

Форумды аудан әкімінің орынбасары Нұрадин Өмірбаев ашып, өзі бастап онлайн-петицияға қол қойды. Еселі еңбегімен ел табысына елеулі үлес қосып журген, белсенді азаматтар мінбеге көтеріліп, өз тәжірибелері туралы айта отырып, жастарды ерлік еңбекке, Отанға адалдық пен ұлттық патриотизмге,

Елбасының сындарлы да салиқалы саясатын қолдауға шақырды.

Форумда табыстары көпке үлгі етілген жандар салтанатты түрде дипломдармен марапатталды. Осындай форум бұған дейін облыстың Исатай, Махамбет, Индер аудандарында да өткен болатын.