Атырау облысында қандай жеңілдету шаралары қабылданды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қана Ғайнеденов шектеу шараларын 14 қыркүйекке дейін ұзарту туралы қаулыға қол қойды. Аталған қаулыда бірқатар жеңілдету шаралары қабылданып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, қорықтардың, резеварттар және басқалардың қызметін қайта бастауға (жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдастырылған топтар үшін, кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, медициналық бетперде кию арқылы) рұқсат етілсін;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қалааралық, ауданаралық және қала маңындағы жолаушылар автобус тасымалына рұқсат етілсін;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді, әлеуметтік арақашықтықты 2 метрден кем емес сақтай отырып, үзіліс кезінде үй-жайларды желдету, медициналық бетперде кию арқылы мәдени нысандардың, кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне және театрлардағы 30 адамнан аспайтын ұжымдық дайындықтарға сағат 10:00-ден 21:00- ге дейін рұқсат етілсін;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, діни объектілердің қызметіне (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс-шараларды өткізбей, жеке режимде рұқсат етілсін;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін бассейндердің қызметін жандандыру (алдын ала жазылу бойынша жеке форматта, 1 келушіге кемінде 5 шаршы метр су беті есебінен) рұқсат етілсін;

Отыратын орындар санына сәйкес толтыру бойынша, қарбалас уақытта жүретін автобустар санының көбейтуімен, кондуктордың қатысуымен және дезинфекциялау құралдарымен өңдеумен және соңғы аялдамасында барлық есіктерді ашумен, қоғамдық көліктің жұмысын қайта бастауға рұқсат етілсін;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір адамға 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, жалпы толымдылығы сыйымдылығының 30% - нан аспайтын сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне рұқсат етілсін;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда 15 баладан аспайтын кезекші топтарын ұйымдастыра отырып мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне рұқсат етілсін;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша 5 адамнан аспайтын тобы бар балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектердің оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша бір адамға кемінде 4 ш. м. Есебінен СПА-орталықтардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр және педикюр қызметтеріне рұқсат етілсін;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша, бактерицидтті лампалар болған жағдайында бір адамға кемінде 5 ш. м. есебінен толтырылатын жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорт секцияларының, спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір адамға 4 ш. м. дейін қоғамдық моншалар, сауналар қызметіне сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін рұқсат етілсін;

Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жалпы сыйымдылығының 30%-нан аспайтын толымдылығы кезінде күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат етілсін;

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат берілсін. Сонымен бірге қызметкерлердің кемінде 80% -ы (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмыс режимі сақталсын;

Меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдардың қызметіне алдын-ала тіркелу арқылы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимнің, аймақтарға бөлу талаптарын сақтай отырып рұқсат берілсін;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, тұрғын үй қызметтерін (қонақ үйлер) ұсыну саласындағы объектілердің қызметіне рұқсат берілсін;

Бір мезгілде жабық ғимараттарда 30 адамнан аспайтын, ашық алаңдарда 50 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда бір үстелге 4 адамнан аспайтын адам санына отыруға рұқсат етіп, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне сағат 08:00-дан 23:00-ге дейін рұқсат берілсін;

Күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып, үздіксіз өндірістік циклдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне, ашық ауада қызмет көрсететін құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылығы, балық және мал шаруашылығы жұмыстарына рұқсат берілсін;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, автомобиль жуу, автомобиль жөндеу, шиномонтаж жұмыстарына және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету қызметіне рұқсат берілсін;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бизнес орталықтардың (адвокат, нотариус, бухгалтерлік және кеңес беру қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және басқалар) қызметіне рұқсат берілсін;

ХҚКО (оның ішінде мамандандырылған ХҚКО) жұмысын портал арқылы алдын ала брондау бойынша ұйымдастыруға рұқсат берілсін Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBBot 2.0 жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, CaII орталықтарының жұмысы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, мамандандырылған ХҚКО демалыс күндері сенбі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, жексенбі күні сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін, күшейтілген дезинфекциялық-жинау режимін сақтай отырып жұмысына рұқсат берілсін;

Күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып, «Қазпочта» АҚ жұмысын сағат 9.00-ден 20:00-ге дейін рұқсат етілсін және онлайн режимінде максималды қызметтер ұсыну жұмысы ұйымдастырылсын;

Алаңдарға, саябақтарға, скверлерге, жағалауларға бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспай топтасып жүруге рұқсат берілсін;

Ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (5 адамнан аспайтын), ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан аспайтын, байланыссыз термометрияны пайдалана отырып, спорт базаларында тұрғанда) рұқсат етілсін);

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес, қаржы нарығы субъектілерінің, екінші деңгейлі банктердің қызметіне шектеулі жұмыс уақытымен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін рұқсат берілсін;

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, дәріханалардың қызметіне рұқсат берілсін;

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қала сыртындағы демалыс базаларының жұмысына рұқсат берілсін;

Отырғызу орындарының жалпы санынан 50%-дан артық емес толтырылуы, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін саяхаттау катерлер қызметіне (өзен трамвайы) рұқсат берілсін;

Сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер) қызметіне рұқсат берілсін;

Контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептердің; мектепалды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардың жиынтығы 15 баладан аспаған жағдайда білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне санитарлық нормалар мен ережелер сақтай отырып рұқсат берілсін;

5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға арналған спорт кешендерінің қызметіне рұқсат берілсін;

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы типтегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат берілсін» -делінген қаулыда. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында шектеу шаралары 14 қыркүйекке дейін ұзартылған болатын.