Атырау облысында кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалды

None
АТЫРАУ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Атырау облысы Құлсары қаласында бүгін кәсіпкерлердің бірінің үйіне қарақшылық шабуыл жасалды.

Облыстың ІІД хабарлағандай, бетперде киген белгісіз адамдар таңертең кәсіпкердің үйіне кіріп келіп, пышақ көрсетіп қорқытып, 10 мың долларға жуық ақша мен қымбат заттарды алып кеткен. Қылмысты тергеумен айналысатын жедел топ құрылды.