«Итбалықтардың популяциясын есептеу үшін, әуеден түсірілім жасайтын кешені бар ұшақ-зертхана жұмылдырылады. Бұл кешенге тепловизор, фотоаппараттар, бортта орнатылған аспаптық және визуалдық ақпараттың автоматтандырылған жүйесі кіреді. Зерттеуге негіз ретінде қазіргі кезде ресейлік зерттеушілердің Балтық теңізіндегі итбалықтарды зерттеу кезінде қолданатын әдістемесі алынған», - деп хабарлады «Норт Каспиан оперейтинг компани» баспасөз қызметінен.
Жұмыстарға итбалықтарды зерттеумен айналысатын ресейлік және қазақстандық ғалымдар, сондай-ақ Микробиология және вирусология институтының, Қазақстандық қолданбалы экология агенттігінің қызметкерлері қатысады.
Авторы: А.Соколов