Атырау облысында көлік қаққан мүгедектігі бар кісі мерт болды

Фото:
Атырау облысында көлік қаққан мүгедек адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше, 12 қыркүйекте Доссор кентінде болған.

Бұл туралы жергілікті уақытпен 20:50 шамасында Мақат аудандық полиция бөліміне селолық ауруханадан хабар түскен.

«Мақат ауданының Доссор селолық ауруханасынан ер адамның белгісіз мүрдені әкеліп тұрғаны жөнінде хабарланған. Тексеру кезінде Toyota маркалы автокөлігінің 1994 жылғы жүргізушісі Құлсары-Атырау бағытындағы жолдың бойындағы газ-жанармай бекеті тұсында ер адамды қағып кеткені анықталды. Оқиға орнында бірінші топ мүгедектігі бар 59 жастағы ер адам мер болған», -деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 19 жастағы жүргізуші кішкентай баланы қағып кеткенін жазған болатынбыз.

Жол-көлік оқиғасы Атырау қаласындағы Бейбарыс даңғылы мен Тоқатов көшесінің қиылысындағы реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағында болған.

Chevrolet Nexia автокөлігі арнайы жолақпен өтіп бара жатқан 2010 жылы туған жасөспірімді қағып кетті.

Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ал, көліктің рулінде 19 жастағы жүргізуші болған.