Жол-көлік оқиғасы Ескене кентінің маңындағыАтырау-Ақтау автожолында орын алды. «Жигули» автокөлігінің рөлінде 1997 жылытуған қала тұрғыны болған. Көлік жолдан өтіп бара жатқан түйені қағып, аударылыпқалған. Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екіадам әртүрлі жарақат алып, облыстық ауруханаға жатқызылды.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай,жол апаты дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріпжатыр.
Жыл басынан бері облыс аумағында 117 жол-көлікоқиғасы тіркелген. Салдарынан 24 адам көз жұмған.