«Көпшілік іс шараларды (мереке, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім іс-шараларын, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және жаппай адам жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын» делінген облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында.
Сондай-ақ, барлық ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын аландары (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлар, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің, мерекелерді ұйымдастыру бойынша кейтерингтік қызметтер мен қызметтер көрсетуді, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда), мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың қызметі тоқтатылды.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда карантин шаралары күшейтілгенін хабарлап едік.