Атырау облысында коронавирус жұқтырған 157 адам емделіп жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 157 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, өткен тәулікте 5 адам қауіпті вирусқа шалдыққан.

«Атырау қаласында Covid-19 инфекциясын жұқтырудың 3 жағдайы расталды. Ал, Исатай ауданында 2 науқас анықталды. Қазір 69 адам үй жағдайында емделу үшін оқшауланды. Өңірдегі 580 төсек-орны бар инфекциялық стационарларда 88 науқас (жүктеме – 15,2%) ем қабылдап жатыр. Оның ішінде молульдік ауруханада – 61, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 19, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы стационарда 8 науқас ем-дом қаблыдау үшін жатқызылған» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, инфекциялық стационарлардың 58 орынға арналған жансақтау бөліміне коронавирус инфекциясын жұқтырып, жағдайы нашарлаған 14 науқас түскен. Оның ішінде 4 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қазір бұл бөлімдегі жүктеме – 24,1%.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Жасыл» аймақтағы Атырау облысында 16 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған едік.