Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа
сүйенсек, инфекциялық стационарларда 327 науқас оқшауланған.
«Өңірде қауіпті вирусты жұқтырушылардың азаюына байланысты инфекциялық
стационарларда 2 352 төсек-орын бар. Қазір мұндағы жүктеме 13,9%-ды құрайды.
Стационарлардағы 90 орындық жансақтау бөлімінде жағдайы нашарлаған 27 науқас
емделіп жатыр. Оның ішінде хал-ахуалы өте ауыр 4 пациент өкпені жасанды желдету
аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 30 пайыз» -деп мәлім етті басқарманың
баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 30 науқас жансақтау бөлімінде
жатқанын жазған болатынбыз.