Атырау облысында коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте қауіпті вирусқа шалдыққан 9 адам анықталған.

Атырау қаласында Covid-19 инфекциясын жұқтырудың 3 жағдайы расталып отыр. Теңіз кен орнында –5, Жылыой ауданында 1 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылған.

«Атырау облысы бұрынғыша «жасыл» аймақта тұр. Қазір 346 адам үй жағдайында, 47 науқас инфекциялық стационарларда ем-дом қабылдау үшін оқшауланған. Оның ішінде модульдік ауруханада – 35, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 10, ал, №2 облыстық ауруханада 2 пациент бар. Инфекциялық стационарлардағы жүктемі 2%-ды құрап отыр. Жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 5 науқас емделіп жатыр. Жағдайы аса ауыр 1 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 4,7%. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен ауырған 2 адам қайтыс болды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде ашылған инфекциялық стационарға емделу үшін бірде-бір науқас түспеген.

Еске сала кетелік, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда коронавирустен емделіп жатқан науқас жоқ екенін жазған едік.