Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен
тәулікте 89 адам қауіпті вирусты жұқтырған. Ал, инфекциялық стационарларда 371 науқас
ем қабылдап жатыр.
«Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 64 жағдайы тіркелді. Теңіз кен
орнында – 5, Жылыой ауданында – 7, Қызылқоғада – 5, Мақатта – 4, Исатайда – 3,
Махамбет ауданында 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазір 399 адам үй
жағдайында емделуде. Сондай-ақ, модульдік ауруханада – 139, №2 облыстық ауруханада
– 115, аудандардағы стационарларда – 64, Теңіз кен орнындағы стационарда – 48,
фтизиопульманологиялық орталықта 5 адам емделу үшін оқшауланды» -деп хабарлады
басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысының әкімі вакцинанацияны жандандыруды
тапсырған болатын.