Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, соңғы
тәулікте 23 адам қауіпті вирусқа шалдыққан. Оның ішінде Атырау қаласында 15 науқас
тіркелген. Теңіз кен орнында – 1, Қызылқоға ауданында – 5, Құрманғазыда – 2, Мақат
ауданында 1 адамнан коронавирус белгісі табылған.
«Өткен тәулікте 124 науқас сауығып шықты. Қазір үй жағдайында 541 адам емделіп
жатыр. Сондай-ақ, модульдік ауруханада – 112, №2 облыстық ауруханада – 58,
аудандардағы инфекциялық стационарларда – 36, Теңіз кен орнындағы стационарда 69
пациент оқшауланған», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирустан 710 адам үйінде
емделіп жатқанын жазған едік.