Атырау облысында короанвирус инфекциясының таралу көрсеткіші төмендеп келеді.
Мәселен, 27 ақпанда қауіпті вирусқа шалдыққан науқастар анықталмады.
Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясына 28 адам емделіп шықты.
«Қазір 273 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Ал, 2 360 орынға арналған инфекциялық
стационарларда 31 науқас ем қабылдау үшін оқшауланған. Оның ішінде модульдік ауруханада – 27, аудандардағы инфекциялық стационарларда 4 пациент бар», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Өңірдегі инфекциялық стационарлардағы жүктеме 1,3%-ды құрап отыр.
Стационарлардың 106 төсек-орындық жансақтау бөлімінде жағдайы нашарлаған 2 пациент емделуге жатқызылған. Өкпені жасанды желдету аппаратына бірде-бір науқас қосылмаған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 1,9%.
Теңіз кенішіндегі, №2 облыстық аурухана мен фтизиопульмонологиялық орталықтың инфекциялық стационарында коронавирустен емделіп жатқан науқастар жоқ.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болғанын хабарлаған едік.