Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте
30 адамнан қауіпті вирус ПТР-тест арқылы расталған.
«Коронавирусқа шалдыққан науқастардың арасында Теңіз кенішінен 15 жұмысшы,
Атырау қаласынан 14 адам тіркелген. Сондай-ақ, Индер ауданында 1 адамнан Сovid-19
анықталды. Вирустың симптомды түрі 10 науқаста байқалды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 44 адам емделіп шыққан. Қазір 208 адам үй
жағдайында емделуді жалғастыру үшін оқшауланған. Облыстық инфекциялық стационарда 72, ал аудандардағы стационарларда 23, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 288 науқас емделіп жатыр.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 49 адамнан коронавирус анықталған
еді.