Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен
тәулікте 68 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
«Атырау қаласында қауіпті вирусты жұқтырудың 44 жағдайы расталды. Теңіз кен орнында – 8, Қызылқоға ауданында – 5, Құрманғазыда – 4, Жылыойда – 2, Индерде – 2, Мақатта – 1, Махамбет ауданында 1 адам коронавирус белгісі табылды», - деп хабарлады
басқарманың баспасөз қызметі.
Қазір үй жағдайында 710 адам ем-дом қабылдау үшін оқшауланған. Ал, модульдік ауруханада – 112, №2 облыстық ауруханада – 55, Теңіз кен орнындағы стационарда – 87, сондай-ақ, аудандардағы инфекциялық стационарларда 39 науқас емделіп жатыр.
Еске сала кетелік, бұған дейін «сары» аймақтағы Атырау облысында 69 адам коронавирус
жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.