Атырау облысында коронавируспен 495 адам ауырып жатыр
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше қауіпті вирусты 42 адам жұқтырған. Оның ішінде Атырау қаласында 19, Теңіз кен орнында 5 науқас анықталған. Ал, Құрманғазы ауданында – 8, Жылыойда – 5, Индер ауданында 5 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылған.
Қазір 281 адам үй жағдайында ем-дом алу үшін оқшауланды. Модульді ауруханада – 94, №2 облыстық ауруханада – 19, аудандардағы инфекциялық стационарда – 33, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 68 науқас ем қабылдауда», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, өңірдегі инфекциялық стационарлардың жансақтау бөлімінде 14 науқас жатыр. Оның ішінде 1 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Кеше коронавирус инфекциясынан 1 адам қайтыс болған.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында стационардар 200-ден астам науқас жатқанын жазған едік.