Атырау облысында қой шешегінен зардап шеккен шаруашылыққа өтемақы төленеді

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында қой шешегінен зардап шеккен шаруа қожалығына мемлекет өтемақы төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылында қойқырылды. Жалпы 1460 бас уақ мал қырылған. Малдың қой шешегінен қырылғаныанықталды. Осы жұқпалы аурудан зардап шеккен шаруа қожалығына мемлекет өтемақытөлейді. Шаруаларға әр мертіккен үлкен қой үшін 45 мың теңге өтемақы төленуімүмкін», - дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев.

Еске сала кетейік, Атырау облысының Құрманғазыауданындағы Сүйіндік ауылдық округінде қой шешегіне байланысты карантин режиміенгізілген болатын.

Автор:А. Соколов

Соңғы жаңалықтар