Атырау облысында күкірт сақтайтын Ұлттық орталық құру жоспарлануда
20:51, 21 Қыркүйек 2010
АТЫРАУ. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Андрей Соловьев/ - Атырау облысында мұнай өндірілген кезде бірге шығатын өнім - күкіртті сақтайтын Ұлттық орталық құру жоспарланып отыр.
Мұнда кем дегенде 18 млн. тонна сақтауға болады. Бұндай ақпарат «Күкірт сақтайтын Ұлттық орталықтың қоршаған ортаға зиянын алдын ала бағалау» қоғамдық тыңдаулар барысында жария етілді.
Жобаны «Қазақтың мұнай және газ институты» АҚ «Атырау» СПК тапсырысы бойынша «Терра» ГИС-імен бірлесе жасады. Оның негізгі мақсаты - күкірт ресурстарын басқару және күкіртті орташа және ұзақ мерзімді сақтау проблемаларын шешу. Бұл шаралар күкірт ресурстарын болашақ ұрпақа сақтап, жақын болашақта қоршаған ортаны қорғауды елеулі түрде жақсартуға мүмкіндік бермек.