Атырау облысында магистральді газ құбырында болған апаттың салдары жойылды
14:57, 04 Наурыз 2012
АТЫРАУ. 4 наурыз-ҚазАқпарат - Өткен түнде Атырау облысы Қызылқоға ауданында магистральді газ құбырында болған төтенше жағдай, аязда 14 кентті газсыз қалдырған апаттың салдары жойылды.
Өңір ТЖД-нен хабарлағандай, қазіргі уақытта газ мамандары үйлер мен әлеуметтік нысандарды біртіндеп газға қосуда.
Еске сала кетсек, газсыз қалған кенттерде 16 600 адам тұрып жатыр. Аталмыш елді мекендерде газбен жылытылатын 2 776 тұрғын үй, 41 әлеуметтік нысан бар.