Атырау облысында Махамбет рухына тағзым етілді

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Индер ауданында ұлы ақын Махамбет Өтемісұлына арналған жыр кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Махамбет Өтемісұлының поэзиясы күні Индербор кентінен 40 шақырым жерде орналасқан ақынның мазарында ұйымдастырылды. Ақынды еске алуға 500-ге жуық адам келді.

Кешке шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жазушы, ақындар Сәбит Досанов, Ақұштап Бақтыгерева, Роллан Сейсенбаев, Есенғали Раушанов, Мерке Құлкенов, Серік Тұрғынбеков, Әнес Сарай қатысты.

Қонақтарға ақынды жерлеу орнына экскурссия ұйымдастырылып, этноауылда мерекелік дастарқан жайылды. Кеште Махамбет Өтемісұлының өлеңдері оқылып, күйлері тартылды. Жиналғандарға қазақ халқының батыры, орақ тілді ақынының өмірін бейнелейтін театрландырылған көрініс көрсетілді.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жиында сөз сөйлеп, ақынның өнегелі өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі бола беретіндігін, оның жасындай жарқылдаған жыр шумақтары намысты қайрап, елдікке бастайтынын тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар