Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөөз қызметі растады. Қанды оқиға Жылыой ауданында 26 қаңтарда болған.
«Жылыой ауданынындағы «Қара мола» қыстағында 1983 жылғы жігіт 61 жастағы малшыны түнгі сағат 02:30 шамасында тамағынан пышақтаған. Күдікті малшыны өзінің «УАЗ Патриот» автокөлігіне салып алып, белгісіз бағытқа шығып кеткен. Сол күні күдікті ұсталып, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір қамаудағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 3,5) тармақтарымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда ер адамды ұрып, 500 мың теңгесін тонаған күдікті ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.