Атырау облысында мас жүргізуші полиция көлігімен жарысты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының тұрғыны көлігімен полициядан қашамын деп, жол-көлік апатына себепші болды. Ол 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызылқоға аудандық сотынан мәлім болғанындай, Сағыз аулының тұрғыны мас күйінде «ВАЗ 21099» көлігін басқарып келе жатып, полиция қызметкерлерінің қозғалысты тоқтату жөніндегі бұйрығына бағынбаған. Онысымен қоймай, мас жүргізуші тәртіп сақшыларынан құтылып кетпек болған. Полициядан қашпақ болған ол тәртіп сақшыларының көлігімен соқтығысқан. Айыпталушы өзінің істегенін толық мойындап, өзінің заңсыз әрекеті үшін кешірім сұрады. Көліктердің соқтығысуы кезінде жолаушылар зардап шеккен жоқ, ал жол апатының салдарынан келген шығын өтелді»,-деп хабарлады Қызылқоға аудандық сотының бапасөз қызметі.

Сот қаулысымен айыпталушыға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 5 жыл көлік басқару құқығынан айырылды.