Атырау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманованың айтуынша, өңірде жалпы орта білім беретін 211 мектеп бар.
«Облыстағы 211 білім ордасында 141 мың 228 оқушы оқыр жүр. Биыл 5 мың 683 түлек 11-сыныпты аяқтап, аттестат алғалы отыр. Мектеп түлектерінің арасында Алтын белгіге үміткерлердің саны – 167. Ал, 248 түлек үздік аттестат алуы мүмкін», -деп хабарлады Орынтай Биманова.
Оның дерегіне сүйенсек, 9-сыныпты 11 мың 789 бітіреді. Олардың арасында үздік аттестат алуға үміткер 478 оқушы бар.
«Қорытынды аттестаттау емтихандары 9-10 сыныптар үшін 2-13 маусым, ал, 11-12 сыныптар үшін 5-19 маусым аралығында өтеді. Емтихан қорытындысы арқылы қанша оқушының Алтын белгі, қаншауының үздік аттестат алатыны белгілі болады», -деп мәлім етті Орынтай Бименова.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мектебіне жазушы Әбіш Кекілбайұлының есімі берілгенін хабарлаған болатынбыз.
Атырау қаласындағы №41 орта мектепке мемлекет қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының есімімен аталды.
Аталған мектеп мұнайлы шаһардағы «Самал» шағынауданында орналасқан.
Қазір білім ордасында 800-ден астам оқушы білім алады. Алдағы оқу жылында мектепте «Әбіштану оқулары» бағытымен қосымша сабақ жүргізу көзделген.
Сондай-ақ, жаңадан ашылатын екі мектепке әл-Фараби мен Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру жоспарланып отыр.