Атырау облысында мектеп ғимаратының шатыры құлап кеткен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласының маңындағы Ракуша ауылында М.Өтемісов атындағы орта мектептің аумағы 543 шаршы метрді қамтитын шатыры құлап кеткен, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда.