Олар «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мен бірқатар мемлекеттік органдардың халыққа көрсететін қызметтерінің сапасын тексерді. Сонымен қатар, аудан активтерімен кездесулер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізді.
Жұмыс тобы алғашқы күндері Атырау облысы Жылыой ауданының Жұмыспен қамту орталығын, Махамбет ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының, Индер ауданының орталық емханасының қызметімен танысты және мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізіп, тұрғындардың қызметтер сапасы туралы пікірлерін тыңдады.
Сондай-ақ облыстың барлық мемлекеттік органы басшылары және қала, аудан әкімдері, әдеп жөніндегі уәкілдерінің, квазимемлекеттік сектор субьектілері, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Онда жергілікті мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты арнайы мониторингтік топтың жұмыс қорытындысы талқыланды.
Атырау облысы бойынша арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Амангелді Абдоловтың айтуынша, жоспарға сәйкес 3 мемлекеттік органда және 1 квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, нәтижесінде барлығы «135» кемшіліктер табылды. Оның ішінде, мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша, нормативтік құқықтық актілерінде қарама-қайшылықтар және әкімшілік кедергілер анықталып, оларды жою бойынша «38» ұсыныс берілді, бүгінгі күнге дейін барлық ұсыныстар орындалған.
Бұлардан бөлек, Атырау облысының мемлекеттік кірістер департаментінде, Халыққа қызмет көрсету орталығында, 7-ші емханада және Ішкі істер департаментінде мониторинг жұмыстарының өткізілгендігін атап өту керек.
Айтылғандарға қоса, Білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Атырау облысы «Атыраумұнай-газ» университетінің студенттерімен еркін форматта пікірталас өтті. Пікірталас барысында студенттер тарапынан «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық деңгейі қандай?, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар нәтиже беріп жатыр ма? Пара алған және берген адам бірдей жазалана ма? деген және басқа да сұрақтар қойылып, оларға Агенттік өкілі Арман Бердалин жан-жақты жауап берді.
Сапар соңында республикалық арнайы мониторинг топ мүшелері мен Агенттік өкілдері Атырау облысының мемлекеттік органдарындағы қызмет көрсету сапасын оң бағалап, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тапсырма берді.
Абай Ақмұрзиев