Атырау облысында мұнай мен газдың жаңа кен орны табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Девон шөгінділері кезінде пайда болған Аңсаған тұз қабатының астында мұнай мен газ кен орыны табылды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

«Аңсаған» кен орны Атырау облысы, Жылыой ауданында орналасқан. Ондағы мұнай-газ ошағы Теңіз кен орнына қарағанда, тереңірек шоғырланған. Кен орнындағы қордың көлемі үлкен деп бағалануда. Жоспарланған барлау жұмыстарының үлкен көлемі болжамды көмірсутегі ресурстарын растауға бағытталған», - делінген хабарламада.

Энергетика министрлігінің дерегі аталған аумақтағы аса тереңдегі тұзасты қабатының әлеуеті Аңсағандағы жеңіл мұнайдың жоғары дебетін алуға мүмкіндік барлығын растайды.