«Жазықтағы жайылымдық жерлер Қызылқоға ауданының Көздіқара ауылдық округінің аумағында болды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 15 техника және ТЖ департаментінің 53 маманы мен ерікті өрт сөндіру жасақтары жұмылдырылды. Сөндіруге тоғыз сағаттан астам уақыт жұмсалған өрт толықтай ауыздықталды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, биылғы жаз маусымында Атырау облысында өрт салдарынан 60 мың гектардан астам жайылымдық жер мен пішен отқа оранды.