«Қазгидромет» дерегі бойынша, Атырау облысында үш күн бойы жаңбыр жаууы ықтимал. Ауа температурасы нөлден жоғары болады. Осыған байланысты еріген қар суы жиналып, өзендердегі су деңгейі көтеріледі және жайылма жерлерге таралуы мүмкін», - деп хабарлады ТЖД.
Ведомствоның ақпараты бойынша, Жайық, Сағыз, Ойыл, Қиғаш өзендерінің арнасынан асуы туралы Атырау қаласының және аудандарының әкімдеріне, сондай-ақ техникасы бар ірі кәсіпорындардың басшыларына ескертілген.
Фото: aganim.ru