Оқиға орнына санаулы минутта жеткен өрт сөндірушілер бесінші қабаттағы пәтерлердің біріндегі асхана бөлмесінде тұрмыстық заттар жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер автосатының көмегімен бесінші қабаттың балконынан 1952 жылы туған пәтер иесін құтқарды.
«Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері құтқарылған пәтер иесіне алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Өрт салдарынан жалпы ауданы 62 шаршы метрді құрайтын пәтердің 9 шаршы метр асхана бөлмесіндегі тұрмыстық заттар жанған. Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде санаулы минуттарда өрт сөндіріліп, өрттің басқа бөлмелер мен пәтерлерге таралуына жол берілмеді», - деп мәлімдеді ТЖД.
Өрттің шығу себептері анықталуда, зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 6 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.