Атырау облысында орталық кәрізді тазалау кезінде екі жұмысшы қаза болды

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, шілденің 8-і күні Атырау облысының Индер ауданындағы Индербор кентінде қайғылы оқиға орын алды.

  Орталық  кәрізді  тазалау кезінде   «Индер Су арнасының» екі жұмысшысы - 51 және 52 жастағы екі  азамат      кәріз шұңқырына  құлап  кетіп, алған жарақаттан     ауруханада көз жұмды,  деп   хабарлайды ҚазАқпарат  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.