Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қауіпті вирусты жұқтырушылар қайта көбейе бастаған.
«Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 18 науқас анықталды. Атырау қаласында Covid-19 инфекциясына шалдыққан 12 жағдайы расталды. Ал, Теңіз кен орнында 6 науқас анықталды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Қазір 77 адам үй жағдайында, 84 науқас инфекциялық стационарларда емделу үшін оқшауланған. Оның ішінде модульдік ауруханада – 57, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы стационарда – 17, аудандардағы инфекциялық стационарларда 10 пациент хаттамаға сәйкес емделіп жатыр.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жағдайы ауыр 12 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын жазған едік.