Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-сін әкімшілік жауапқа тартып, бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде немесе 4 444 800 (төрт миллион төрт жүз төрт мың сегіз жүз) теңге айыппұл салды.
«Магистральдық Суағызғысы»» ЖШС-і «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 15) тармақшасындағы міндеттемелерін орындамағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.
«Атап айтқанда, «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-ы суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру қызметіне бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарының бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшердің 5 пайызынан астамын орындамаған»,-делінген хабарламада.