Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Құрманғазы ауданының Мақаш ауылдық округінде болған.
«Учаскелік полиция инспекторы Талғат Рахимов пен көмекшісі Біржан Махмудов, полиция қызметкері Бағытжан Қадырбаев түнгі сағат 01:00 шамасында ауылдағы тұрғын үйдің бірінен өрт шыққанын байқаған. Полицейлер оқиға орнына жедел жетіп, өртенген үйден 4 ересек адам мен 3 баланы құтқарды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полицейлер өрт сөндірушілер келгенге дейін жалынды сөндіруге көмектескен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық полицей Жайық өзеніне түсіп кеткен екі жасөспірімді құтқарған болатын.