Атырау облысында рельсте тұрып қалған КамАЗ пойыздардың қозғалысын тоқтатты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында КамАЗ-дың рельсте тұрып қалуы салдарынан пойыздардың қозғалысы тоқтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Дүйсенбі күні кешке Доссор стансасынан екі шақырым жерде теміржолда техникалық ақауы салдарынан жүк тиелген КамАЗ тұрып қалды. Соның салдарынан екі жолаушылар пойызы: Атырау-Ақтөбе бағытындағы №691 пойыз 1 сағат 30 минутқа, Алматы-Атырау бағытындағы №42 пойыз 1 сағат, 40 минутқа кешігіп келді», - деп баяндады Атырау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қалпына келтіру жұмыстарын толық аяқтады.