«Атырау облысына жасаған іс сапарында ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бейсенқұлов облыс орталығындағы бірқатар нысандардың құрылыс қарқынын көрді. Атап айтқанда, Атырау облыстық ІІД-нің жаңа ғимаратына және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Өңірде жылына 60 мың квота шетелдік жұмыс күшіне берілетінін ескере отырып, ІІД басшылығына миграциялық қызметтер орталығының құрылысына жаңа мүмкіндіктер іздеу ұсынылды», - дейді ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер.
ҚР ІІМ басшысының орынбасарына моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Жылыой ауданында жедел басқару орталығының құрылысы туралы ақпарат берілді. Ауданда жергілікті полицияның материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Облыста 34 жаңа учаскелік полиция пункті пайдалануға тапсырылады, соның 20-сы Атыраудың жаңадан бой көтерген ықшамаудандарында орналасқан.
«Ерекше ауыр қылмыстарды ашуға көп күш салу қажет. Тіркелген қылмыстардың басым көпшілігі ұрлықпен байланысты. Ол үшін ҚР ІІМ 2018-2020 жылдарға арналған бағдарлама қабылдады. Қылмыстардың алдын алу, әсіресе жастар арасында қылмыстарға жол бермеу шараларын күшейту қажет», - деді Б. Бейсенқұлов.