Атырау облысында студенттерге 12 жатақхана салынады

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 12 студенттер жатақханасы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда әрқайсысы 100 орындық екі студенттер жатақханасының құрылысы жүріп жатыр. 100 және 150 орындық екі жатақхананың құрылысы таяу уақытта басталады. Қазір тендерлік рәсімдер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 960 орындық 8 жатақхананың құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасалуда», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Президенттің бес әлеуметтік бастамасының үшінші бағытында білім беру жағдайы мен студенттердің тұрмысына ерекше көңіл бөлінді. 2022 жылдың соңына дейін кем дегенде 75 мың орындық жаңа студенттер жатақханасының құрылысын қамтамасыз ету қажет.

Бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру бойынша Жол картасы аясында жатақханалар құрылысы 2018 жылдың қыркүйегінен басталады. 2022 жылға дейін елде 160-200 жатақхана салу жоспарланып отыр.  

Соңғы жаңалықтар