Атырау облысында су таситын көлік өртенді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында су таситын көлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мақат ауданында су тасымалдап жүрген «Урал» маркалы көлік отқа оранған.

«Көліктің өртенгені туралы кеше, 10 желтоқсанда күндізгі сағат 14.32-де хабар түсті.

Департаменттің өрт сөндірушілері Доссор кентінен 10 шақырым қашықта «Атырау-Ақтау» бағытындағы республикалық тас жолдың бойында автокөліктің өртеніп жатқанын анықтады. Жалын су таситын көліктің кабинасынан шыққан», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер жалынды сағат 15:20-да оқшаулап, сағат 15:25-те толық сөндірді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жеке үй өртеніп, күйік шалған бір адам ауруханаға

түскен еді.