«Күнделікті рейд барысында, Индер ауданының құтқарушылары суға батып бара жатқан ер адамды көреді. Оқыс оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында болды. Құтқарушылар тез арада құтқару операцияларын жүргізіп, зардап шегушіні жағаға алып шығып алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ол аман қалды. Зардап шегуші полиция қызметкерлеріне тапсырылды»,-деп хабарлады Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы баспасөз қызметінен.
01:36, 14 Шілде 2018
Атырау облысында суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 1972 жылғы туған ер адам суға батып бара жатқан жерінен құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.