«Атырау облысында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Ол Ол Каспий теңізінің жағалауында орын тепкен, қорғалатын сулы-батпақты алқап болып саналады. Өңірде табиғаты тамаша, адам аяғы тимеген бірегей дала алқаптары болса да, әлі күнге табиғи парк жоқ. Сондай алқаптарда табиғи парк құруды жоспарлап отырмыз», - дейді Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы атқарушы директорының міндетін атқарушы Сергей Скляренко.
Оның пікірінше, Атырау және Ақтөбе облыстарының шекарасындағы аумақ табиғи парк құруға сұранып-ақ тұр.