Атырау облысында тағы да ескерту жарияланды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында тағы да ескерту жарияланды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«28 маусымда Атырау облысында тағы да аптап ыстық болады. Ауа температурасы көлеңке жерлерде 38 градус нөлден жоғары көтеріледі ", - деп ескертті Атырау облыстық ТЖД-дан.

Ведомствода күн түсетін ашық жерлерде сақтық шараларын сақтау керектігін ескертті - басты жабық ұстап, су алып жүру қажет.

Еске салайық, маусымда ауа температурасы көлеңке тұстарда 43 градусқа дейін жоғарылады. Күнгей жерлерде термометр 50 градусты көрсетті.